Текст
Мектебімізде 1-4-сыныптар арасында сыныптық ата-аналар жиналысы жаңа форматта: топпен, кофе-брейк, педконсилиум түрінде өткізілді. Күн тәртібінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, білім сапасы, қауіпсіздік ережелері, мектеп формасы, мектепте жиджаб киюге болмайтыны, мектептің ішкі тәртіп ережелері туралы т.б. мәселелер талқыланды. Ата-аналар белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, бөлісті.