2023 жылдың 17 ақпанында Жетекші серіктес мектептер жоспарына сәйкес жаңа технологияларды сабақ барысында қолданудың ең оңтайлы және тиімді түрлерін оқу процесіне енгізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қоянды 1 жалпы орта білім беретін мектебінде "Заманаиу технологияның педагог үшін маңыздылығы" тақырыбында әдістемелік күн болып өтті.
Әдістемелік күн бағдарламасы бойынша TEDX форматында конференция, "Білім берудегі пәнаралық интеграция" шеберлік сыныбы, "Оқытудың жаңа тәсілдері мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруда қалай әсер етеді?" тақырыбында коучинг жұмыстары ұйымдастырылды.
Әдістемелік шараларға жетекші серіктес мектептердің Қоянды 2 ЖОББМ, Қызылсуат ОМ, Талапкер ОМ, Қажымұқан ОМ, Ы.Алтынсарин мектебі, Опан НОМ, Шұбар НОМ координаторлары, директор орынбасарлары, педагогтері қатысты.
Жетекші мектеп аясында озық тәжірибелерін таратып, жоғары деңгейде әдістемелік көмек көрсеткен Қоянды 1 мектебінің әкімшілігі мен ұстаздарына жетекші серіктес мектептер атынан үлкен алғыс айта отырып, шығармашылық толағай табыстар тілейміз 💐