Текст
1-наурыз Алғыс айту және 8-Наурыз мерекесіне орай Қоянды ауылдық клубының “Көктем аруы-2023” байқауына "Сырғалым" клубының мүшелері мектепалды даярлық тобы жетекшісі Хадал Гүлмира мен 10 "Ә" сынып оқушысы Иманғажықызы Айданақ қатысты. Сайыс 5-кезеңен тұрды:
1) Өзін- өзі таныстыру
2) өз өнерін көрсету
3) салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қою және мақал-мәтелдердің жалғасын табу
4) ұлттық киім үлгісін көрсету ( аруларымыздың сырт сымбаты, жүріс тұрысы, сахналық образы)
5) "Ас - адамның арқауы" (үй тапсырмасы) . Сайыстың нәтижесі бойынша Иманғажықызы А.- 2-орынды иеленді. Хадал Г. белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.