Мектебімізде 2023 жылы 6-наурыз күні «Ана – күннің шуағы» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың 1-бөлімінде ата-аналар мектептің ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. 2-бөлімінде мектеп директоры Смагулова Р.М. қауіпсіздік ережелеріне тоқталды (жол, көктемгі су тасқыны, түнгі уақытта үлкендерсіз көшеде жүрмеуі, ата-аналардың рұқсатынсыз кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта көшеге және қалаға шықпауын қадағалау, оқушылардың ұялы телефондарын ата-аналар тексеруін және бақылауда ұстауын назарға алу, т.б.с.с). Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арилина А.Б. қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімімен және Целиноград аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы 6-наурыз күнгі № 01-21/255 бұйрығымен таныстырды. Ата-аналарды әлеуметтік желілерде тараған «PMC Redan» деп аталатын жасөспірімдер арасында жаңа қозғалыстың құрылғаны туралы ақпарат беріп, мектепте алдын алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Жиналысқа қатыса алмаған ата-аналар үшін жиналыс онлайн форматта өткізіледі.