Текст
29.03.23 күні мектебімізде «Жастар-2023» облыстық оқушылар спартакиадасының бағдарламасына сәйкес аумақ бойынша аудандар арасында волейболдан жасөспірімдер және қыздар арасында жарыс өтті.
Жарысқа Целиноград, Астрахан,Егіндікөл,Қорғалжын аудандары қатысты. Жасөспірімдер (ұлдар) арасындағы жарыстың нәтижесі бойынша,
Ерейментау командасы 1-орын,
Целиноград командасының Қоянды #2 орта мектебі 2-орын,
Қорғалжын командасы 3-орынға ие болды.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!