✳️2023 жылдың 31 наурызында Жетекші серіктес мектептер жоспарына сәйкес Қоянды №2 ЖОББМ "Мектептің даму бағдарламасын зерделеу. Білім беру жүйесінің жағдайына талдау жасау жолдары" тақырыбында семинар жұмысын ұйымдастырды.
✳️Семинар жұмысына серіктес мектептер Қоянды 1 ЖОББМ, Қызылсуат ОМ, Талапкер ОМ, Қажымұқан ОМ, Ы.Алтынсарин мектебі, Опан НОМ, Шұбар НОМ координаторлары, директор орынбасарлары, педагогтері қатысты.
Мектептің даму жоспарын жүзеге асырудағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау жасау жолдарын зерделеу мақсатындағы әдістемелік семинарда директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Н. Шакерхан "Даму бағдарламасы - білім ордасын стратегиялық басқару құралы ретінде" баяндамасын жасады.
✳️Жетекші мектеп координаторы А.Алматова "Білім беру жүйесінің жағдайына аналитикалық талдау жасау бағыттары" тақырыбында баяндама жасап, Мектептің даму жоспарының құрылымын зерделеуді ұсынды.
Мектепті басқару және көшбасшылық шығармашылық тобының мүшелері Л.Тегісхан, Ұ.Дауыл, А.Г.Жароева "Мектептің даму бағдарламасын құру жолдары" коучингін ұйымдастырып, психолог А.Мадышова арт-терапия тренингін өткізді.
Семинар жұмысы нәтижесінде шығармашылық топ мүшелері мен қатысушылар сертификаттармен марапатталды.