Текст
Бүгін кітапханада 2-сәуір халықаралық балалар кітабы күні атап өтілді. Кітапханашы Әлия Таңатқан мен Мөлдір Үмбетжан кітапхананың биылғы тұрақты оқырмандары ішінен 3-сынып оқушыларымен оқыған кітаптары туралы әңгімелесті. Іс-шара барысында оқушылар балаларға арналған “Баластан” кітабынан сұрақтарға жауап берді. Оқушылар кітапхана оқырманы болу өздеріне ұнайтынын, алдағы уақта кітап оқуды жалғастыра беретіндерін айтты.