Текст
“Жас Қыран” және “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.
“Жас ұлан” - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.
Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және ұстаздарымыз салтанатты түрде галстуктар мен төсбелгілерді табыстады. Мектебіміздің директоры Раушан Майқықызы балаларды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Барлығы “Жас Ұлан” ұйымына 160 оқушы , “Жас Қыран” қатарын 140 оқушы қабылданды.