🔰2023 жылдың 12 сәуірінде Жетекші мектеп жобасы аясында серіктес Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Тәжірибе алаңы - 2023» семинарын өткізді.
🔰Семинар барысында «Эссе жазу жолдары», «Білім берудегі аналитика түрлері», «Мотивациясы жоғары оқушыларды анықтау» тақырыптарындағы тренингтер мен сабақта қолданылатын білім беру платформаларының мүмкіндіктері (pizza, plickers, thinklink, padlet, mentimeter, tarsia, т.б.) көрсетілді.
🔰Тәжірибе алаңына жетекші, серіктес мектептер Қоянды ауылының №2 ЖОББМ, Қоянды ауылының №1 ЖОББМ, Қызылсуат ауылы ЖОББМ, Шұбар ауылы НОМ, Опан ауылы НОМ, Қажымұқан ОМ, Алтынсарин НОМ педагогтері қатысты.
Талапкер ЖОББМ озық тәжірибелі ұстаздарынан құрылған шығармашылық топ мүшелерінің ұсынған тренингтері мен әдістерінің қолданылу тиімділігі мен жолдары семинар қатысушыларына үлкен көмегін тигізді.
🔰Семинар соңында спикерлер мен қатысушы ұстаздар сертификаттармен марапатталды.
Әдістемелік семинар жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырған, серіктес мектеп ұстаздарына әдістемелік көмек көрсеткен Талапкер мектебінің әкімшілігі мен ұжымына жетекші мектеп атынан үлкен алғыс білдіре отырып, шығармашылық толағай табыстар тілейміз!