Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2019 жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысының №12 Жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды.
Жарлыққа сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда айрықша кешенді құзыреттерге ие тәуелсіз құқық қорғау органы болып табылады, ал Ұлттық бюро Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамындағы ведомство болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған.