Текст
Аудандық ғылыми жобалар байқауы.
2023 жылдың 3-мамырында мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобаларының және 2-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” Республикалық зерттеу жобалары байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру,ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету. Байқауға қызығушылық танытқан ауданымыздың мектеп оқушылары қатысты. Талапқа сай орындалған жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті, дарынды оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз!