« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің кәсіби бірегейлігім» ұстаздар сайысы ұйымдастырылды

12.05.2023

2023 жылдың 3 мамырында Қоянды ауылының №2 ЖОББМ жетекшілігімен 2022-2023 оқу жылында жүргізілген "Жетекші мектеп" жобасы аясындағы жұмыстарымыз жоспар бойынша қортындыланды!
Қорытынды кеште жетекші серіктес мектептер педагогтері арасынан кәсіби біліктілігі жоғары, жан – жақты, жаңашыл ұстазды анықтау мақсатындағы «Менің кәсіби бірегейлігім» ұстаздар сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шарамызға аудандық білім бөлімінің жетекші әдіскері Мусина Айнур Далабаевна, серіктес Қоянды ауылының №1 ЖОББМ, Талапкер ЖОББМ, Опан НОМ, Шұбар НОМ, Қызылсуат ЖОББМ, Қажымұқан ЖОББМ, Алтынсарин НОМ мектептерінің директорлары, координаторлары мен кеш аясындағы ұстаздар сайысына қатысушы мұғалімдер келді.

Ұстаздар сайысында мектебіміздің озық тәжірибелі ұстаздарымыз Тегісхан Лена, Оросхан Б, Хамзина Жанаргуль Амантаевна, Тохай Сәттігүл мұғалімдер қазылық етті.
Кеш соңында аудандық білім бөлімінің басшысы атынан жетекші, серіктес мектептер ұжымдары мен мектеп координаторлары алғыс хаттармен марапатталды.
Жетекші мектеп атынан барлық серіктес мектептерге алғыс білдіре отырып, ұжымдар арасындағы ынтымақтастық пен кәсіби байланыстың келешекте де жалғасын табатынына сенім білдіре отырып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал қызметтеріңізге, қажырлы еңбектеріңізге табыстар тілейміз!
Жетекші мектеп жобасы аясында озық тәжірибелі ұстаздардан құрылған шығармашылық топ жетекшілері мен мүшелеріне толағай табыстар тілейміз 💐
Алдағы оқу жылында мектебімізді биік белестерге жеткізер ұстаздарымызбен әлі де талай ғылыми-әдістемелік шаралар мен инновациялық жобаларды еңсереміз деген үміттеміз🙏🏻💐

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст