Текст
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев "Алтын белгі" үміткерлерімен кездесу өткізді.
Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев "Алтын белгі" үміткерлерімен кездесу өткізді
Біздің мектептің 11а сынып оқушылары - "Алтын белгіге" үміткерлер Танымова Дильназ бен Жанұзақова Гүлдана осы кездесуге онлайн қатысты.
Кездесу барысында Ғани Бектайұлы оқушылармен сұхбаттасып, оларды қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, "Алтын белгі" оқушылардың тынымсыз еңбегімен келетініне тоқталып, үміткерлерге өз еңбектерін ақтайтын, білімдері сыналатын жауапты кезеңде сәттілік тіледі.