« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шығармашылық- табысқа жетелейтін құрал» әдістемелік семинары ұйымдастырылды

31.05.2023

2023 жылдың 12 мамырында Жетекші мектеп жобасы аясында серіктес Ы.Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтердің шығармашылық тұрғыдан дамуы және ойлау қабілетінің жоғары формасын қалыптастыру мақсатында «Шығармашылық- табысқа жетелейтін құрал» әдістемелік семинары ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинар барысында мектептің тәжірибелі ұстаздары «Авторлық бағдарлама» жазудың тиімді жолдары коучингі (Қоянбаева Г.Т), «Көшбасшылық-тәжірибені жетілдірудің басты құралы» тәжірибе сабағы (Магзум М.), жас мамандары «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» (Казымбек М.Е), «Umaigra» ойындар арқылы сабақты бекіту (Могазан А.К) жұмыстары ұсынылды.
Семинар жұмысы директордың оқу ісі меңгерушісі Г.А Батырбекованың «Құзырлылық» өз ісін жетік білу» баяндамасымен қорытындыланды.

Тәжірибе алаңына жетекші, серіктес мектептер Қоянды ауылының №2 ЖОББМ, Қоянды ауылының №1 ЖОББМ, Қызылсуат ауылы ЖОББМ, Шұбар ауылы НОМ, Қажымұқан ЖОББМ, Талапкер ЖОББМ педагогтері қатысты.
Семинар соңында спикерлер мен қатысушы ұстаздар сертификаттармен марапатталды.
Әдістемелік семинар жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырған, серіктес мектеп ұстаздарына әдістемелік көмек көрсеткен Ы.Алтынсарин мектебінің әкімшілігі мен ұжымына жетекші мектеп атынан үлкен алғыс білдіре отырып, шығармашылық толағай табыстар тілейміз!💐

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст