08.06.2023
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ КАРТАСЫ негізінде “БАЛДЫРҒАН” жазғы лагері өз жұмысын жалғастыруда . Біздің лагерьдің таңы мектеп ауласында дәстүрлі музыкалық жаттығулардан басталды.
Бүгін “Күлкі күні” аталып өтті. Тәлімгерлер балаларға смайлик эмблемаларын жабыстырып, қызықты әңгімелер айтты.
Мектеп психологы “Менің көңіл-күйім” тренингін өткізді. Ағылшын мұғалімдері “Big smile” тақырыбында суреттер көрсету арқылы жұмыс жасады.
Тәлімгерлер “Биле,Балдырған” флешмобын ұйымдастырды. Күн соңында әр топ балалармен “Күлдір-бүлдір, түрлі-түсті армандар” тақырыбында түрлі суреттер салды. Оқушылар бүгінгі уақытын қызықты әрі тиімді пайдаланды.