Текст
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ КАРТАСЫ негізінде “БАЛДЫРҒАН” жазғы лагерінің бүгінгі күні қарбалас өтті.
Бүгінгі күн “Ертегілер күні” болғандықтан, тәлімгерлер балаларды ертегі кейіпкерлері кейпінде қарсы алды.
Балалар таңғы жаттығудан кейін, тәлімгерлерімен тренд билер флешмобын биледі. Тәлімгерлер “Шалқан ертегісі” қойылымын қойды. Балалар “Қошқар мен серке” мультфильмін тамашалады. Үйірме жұмыстары таза ауада болды. Бүгінгі күндері өте қызықты өтті.