13.09.2023
Қоянды #орта мектебінде 12 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай жасалған жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Бекей М. Тұрсын Н. 10-11 сыныптар арасында "Шешендік сөздер" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Оқушылар өздері дайындап келген
би-шендердің сөздерін ортаға салып, терең мағынасы мен ұшқыр ой-түйіндерін түсіндіре білді. Сонымен қатар өздері де тіл туралы өлең шумақтарын толғана құрастырып, тілге деген сүйіспеншіліктері мен зор құрметтерін көрсете білді.