Текст
Тіл - халқымыздың түп қазығы. Тілсіз ел - қанатсыз құспен тең. Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Тілдер мерекесінің апталығы" аясында 7-сыныптармен "Тілі жүйріктің - ойы ұшқыр" атты сайысы өтті. Сайысқа 7-сынып оқушылары белсенділік танытып қатысты. Сайыстың мақсаты: оқушыларды сөз өнеріне төселдіру, тіл білімін жетілдіру, ой ұшқырлығын дамыту.