26.09.2023
Мектеп психологтары Р.Е. Хожатова мен А.О. Мадышова ұйымдастыруымен психологиялық клуб мүшелерін қабылдау рәсімі өткізілді. Мақсаты: психологияға қызығушылықты қалыптастыру, клуб міндеттерін жүзеге асыру үшін психологиялық-дамытушы кеңістік құру, өзара әрекеттестіктің әлеуметтік-психологиялық дағдыларына жаттықтыру. Психологиялық клубтың мақсаты мен міндеттері, жоспары, жарғысы таныстырылды.
Клуб мүшелері қатарына 9-11 сынып оқушылары қабылдана отырып, психологиялық ант берді. Іс-шара соңына оқушыларға психологиялық клуб мүшесі болғаны үшін сертификат табысталды.