12.10.2023
Семинарға келген арнайы қонақтарымыз:
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетінен Механика- математика факультетінің деканы философия докторы Қозыбаев Данияр Хайбілдаұлы; Іргелі математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Алдай Мақтагүл; Механика кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, Қалиев Әділбек Бекболатұлы;Көлік, көлік техникасы және технологиялары кафедрасының доценті техника ғылымдарының кандидаты, Забиева Алия Батырбекқызы.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінен Жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы Елеусизова Гүлнар Рахымберліқызы, Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Мусатаева Асем Болатбековна және мектебіміздің психологы Раушан Естаевна мамандықтың өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? деген бітіруші түлектерімізге көптеген ақпаратар, бағыт бағдарларын ұсынды.
Мектеп директоры Смагулова Р.М семинар барысын қорытындылай келе келген қонақтарымызға мектеп ұжымы, бітіруші түлектер атынан алғысын білдіріп, шараны ұйымдастырған пән мұғалімдеріне ризашылығын білдірді.