13.10.2023
12 қазан күні облыстық "Балалар оқулары" байқауы Сандықтау ауданында өткізілді. Байқауға мектебімізден 9,10 сынып оқушылары қатысып, тест орындап,эссе жазды.
9 сынып – Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы
10 сынып – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер 2. Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы бойынша.
9"А" сынып оқушысы Кеншилик Алтын 3-орынға ие болып, жетекшісі- Л.Тегисхан Алғыс хатыпен марапатталды. 10 "В" сынып оқушысы Өмирай Еркежан мадақтамамен марапатталды. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!👏👏👏