Текст
Мектебімізде 19-қазан күні «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ жоспары негізінде және Республика күніне орай қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жарқынбек Бағдат "Айтыс жыр барымтасы" атты ақындар айтысына дайындық жұмыстарын жүргізді. Ұлттық мүдде: Елінің тарихын құрметтейді; Талап: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу, білуге, жаңаны тануға құштар болу; Ар-ұят: өзін мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, сөзіне берік, ісіне адал болу.