23.10.2023
2023 жылғы қазанның 20-сы күні 10-11 сынып оқушылары арасындағы «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты мектеп оқушылары арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту.
Жоғары нәтижеге ие болған оқушылар олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз!