24.10.2023
Мектебімізде 24.10.2023 сағат 12.00-де "Ақындар айтысы” челленджі өтті.
Айтыс-ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Мақсаты: айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл оқушыларды анықтау.
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ:
-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау.
-Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.
ТАЛАП:
-Сыни және креативті ойлау.
АР-ҰЯТ:
- Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.