24.10.2023
Мектебімізде Республика күніне орай 24-қазан күні "Қыран" дебат клубының ұйымдастыруымен “ Егемендік-елдің баға жетпес игілігі” тақырыбында 9-10 сыныптар арасында дебат өткізілді. Егемендігіміздің арқасында дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін баршамыз білеміз. Бүгінгі пікір сайыс турниріне қатысушылар белсенді қатысып, өз ойларын, дәлелдерін еркін жеткізді.
Қатысушылар:
Майқы Асылай 10Ә
Жанболат Абдурахман 9А
Ауезханова Диана 10Ә
Болат Ислам 10А
Жетекшісі: Фестиваль Болатқызы Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу. Талап: Дұрыс қарым-қатынас орната білу; Сыни және креативті ойлай білу. Ар-ұят: Халқына адал қызмет ету; сөзіне берік, ісіне адал болу.