Текст
Мектебіміздің кітапханасында кітапсүйер ұстаздардың алғашқы отырысы өтті. Кездесу барысында әр қатысушы кітаптың берер пайдасы, өздеріне үлкен әсер еткен кітап туралы әңгімеледі. Отырыс соңында жиынды ұйымдастырған кітапханашы Мөлдір Үмбетжан кітап туралы ерекше әңгіме қозғаған математика пәнінің мұғалімі Адалбек Әлібекке Д. Исабековтің “Ескерткіш” шығармалар жинағын сыйлады. Ұлттық мүдде: Қоғам игілігі үшін қызмет ету; Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу.