20.11.2023
Республика аумағында ауыл мектептерінде 20-қараша күні олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Осы орайда Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңінің ашылуына Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар аталған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.А.Хамзина «Ауыл мектептерінің оқушыларына бұл беріліп отырған үлкен мүмкіндік, дарынды оқушылар ауыл мектептерінде де бар екендігін» айтып Оқу-ағарту министрлігіне алғысын білдірді.
Ал, 11 сынып оқушысы және олимпиада қатысушысы Атамбай Гүлнұр «Қайырлы күн, құрметті Ғани Бектайұлы, қонақтар мен ұстаздар, бүгінгі олимпиадаға қатысушы достар!
Елімізде алғаш рет ауыл балаларына арналған олимпиада өткізілуде. Бұл олимпиада біздің өсуімізге, өзімізді көрсетуге, қосымша қолдау алуға, жаңа жетістіктерге қол жеткізуімізге себепкер болатынына кәміл сенемін.
Ауыл оқушыларына өздерін жаңа қырынан танытуына жол ашқаны үшін,Оқу-ағарту министрлігіне алғысымыз шексіз.
Мен өзім осы олимпиадаға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша қатысудамын. Болашақта жақсы маман болып, ауылға келіп, ауылдың көркеюіне үлес қосамын.
Бүгінгі барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, ұстаздарымыздың сенімін ақтап, жеңіске бірге жетейік!» - деп өз ризашылығын білдірді.