05.01.2024
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері Наймантаева С.Қ., Күзен А. "Қалай денсаулықты сақтау керек?" атты ойын-саяхатын ұйымдастырды. Мақсаты: Жұқпалы аурулардың алдын алу және қыста көшеде қауіпсіз жүрі. Ұлттық мүдде: Қоғам игілігі үшін қызмет ету. Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
Физикалық белсенді болу;
Салауатты өмір салтын ұстану;
Ар-ұят: Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну; Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.