12.01.2024
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тарих пәні мұғалімдері мен Өзін-өзі басқару ұйымының Тәртіп фракциясы 9-сынып оқушыларымен "Сен өз құқығыңды білесің бе?" атты әңгімелесу өткізді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтың (ұрлық, электронды шылым шегу), зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, бопсалаудың алдын алу туралы айтылды.
Ұлттық мүдде: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу. Талап: Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
Физикалық белсенді болу; Салауатты өмір салтын ұстану.
Ар-ұят: Әдеп нормасын ұстану; Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну; Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.