15.01.2024
Мектептебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Мектеп лигасы» жобасы аясында және мектебіміздің ашылуына 3 жыл толуына орай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 9-11 сынып қыздар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Астана қаласының № 96 МГ, № 85 МЛ, № 66 МЛ, № 56 МЛ, № 52 МГ командалары, Софиевка орта мектебі, Қоянды 2 орта мектебінің 2 командасы қатысты. Нәтижесінде, Қоянды ауылының 1 командасы 1-орын, Астана қаласы № 56 МЛ 2- орын, 3-орынды Софиевка орта мектебінің командасы иеленді. Жеңімпаздар кубок, медаль, мадақтама мен жеке номинациялармен марапатталды. "Үздік ойыншы" номинациясымен 11 "А" сынып оқушысы Әбусеит Жаннұр атанды. Жаттықтырушысы Смагулов Ж.М. Құттықтаймыз!
Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;
Талап: Жеке және командамен жұмыс істей білу; Физикалық белсенді болу; Салауатты өмір салтын ұстану.
Ар-ұят: Әдеп нормаларын ұстану; Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну; Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.