Бүгін мектебімізде жүректерді жан жылуымен ерітіп, проза әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын кеңінен тарату мақсатында жыл сайын дәстүрге айналып, өткізіліп жүрген мектепшілік Әбіш оқулары өтті. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. Жалпы «Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болатын. 1орын алған оқушылар алдағы уақытта аудандық сайысқа барып, мектеп атын қорғайтын болады. Оқушыларға сәттілік тілейміз.