Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дюсупбекова С. К. "Отбасылық таланттар" тақырыбында 5"Ж" сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатына қонаққа оқушылардың ата-аналары Тайв Қуанбек, Наурызбек Расул қатысты. Балаларға ақыл-кеңстерін айтып, ән шырқады. Ағаштан жасаған бұйымдарын көрсетті. Оқушылар күй тартып, әндерін шырқады. Сабақ соңында метебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сқақ М. Ғ. келген қонақтарға өз алғысын білдірді.
Ұлттық мүдде: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге ат салысу; Ұлттық мұраға ұқыпты қарау.
Талап: Сыни креативті ойлауға дағдыландыру; Жеке және командамен жұмыс істей білу;
Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
Физикалық белсенді болу;
Ар—ұят: Отбасының, өз ортасының абыройын асыру; Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну; Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.