Текст
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласында І.Есенберлинді еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында екінші қалалық ашық турнирінде 4 "Г" сынып оқушысы Ратбек Дінислам +42 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынға ие болды. Жарысқа Ақтөбе, Қарағанды, Атырау облыстары, СҚО, Балқаш қаласы және Астана қаласының спортшылары қатысты. Бапкері: Айсағалиев Н.Н. Құттықтаймыз!! Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;
Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
Талап: Физикалық белсенді болу;
Салауатты өмір салтын ұстану;
Ар-ұят: Сөзіне берік, ісіне адал болу; Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.