Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы және Ата-аналарды қолдау орталығы мүшелері «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Бейнеролик «Маған назар аударыңыз!», психологиялық тренинг. (Арилина А.Б., Мадышова А.О.)
2. Ерте жүктілікті алдын алу (мектеп медбикелері Енсеген М., Козбакова Ж.)
3. 2-тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы және емтихан жұмыстарын ұйымдастыру мен дайындау (директордың оқу жөніндегі орынбасары Укай А.)
4. Әртүрлі сұрақтар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мектеп формасы, қауіпсіздік, мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушының сабаққа қатысуы, ата-ананың жауапкершілігі, үйірме мен секциялар туралы және т.б.). Ұлттық мүдде: Қоғам игілігі үшін қызмет ету;
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу; Талап: Дұрыс қарым-қатынас орната білу; Жеке және командамен жұмыс істей білу; Ар-ұят: Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну; Сөзіне берік, ісіне адал болу;
Отбасының, өз ортасының абыройын асыру.