Текст
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы аясында мектеп кітапханашылары Үмбетжан М., Жолдасова Б.А. 10-сынып оқушыларымен "Мақал- сөздің азығы, жұмбақ -ойдың азығы" атты сайыс ұйымдастырды. Ұлттық мүдде: Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу; Қоғам игілігі үшін қызмет ету; Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу; Жеке және командамен жұмыс істей білу; Ар-ұят: Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну; Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.