Текст
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасының "Қолөнер шеберханасы" және "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобалары аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Кадирек Жанарбек "Қамшы өру" тақырыбында шебер-сыныбын өткізді. Ұлттық мүдде: Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу; Қоғам игілігі үшін қызмет ету; Ұлттық мәдениетті дәріптеу. Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу; Жеке және командамен жұмыс істей білу; Дұрыс қарым-қатынас орната білу; Ар-ұят: Халқына адал қызмет ету; Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну; Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.