Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы, "Мектеп лигасы" жобасы аясында және мектебіміздің ашылуына 3 жыл толуына орай кәсіподақ ұйымы әдістемелік бірлестіктер арасында волейболдан сайыс ұйымдастырды. Нәтижесінде, 1-орынды информатика бірлестігі, 2-орынды қазақ тілі және әдебиет бірлестігі, 3-орынды математика және физика бірлестігі және ер мұғалімдер арасында 1-орынды "Қыран" командасы, 2- орынды "Жеңіс" командасы, 3-орынды "Намыс"командасы иеленді. Жеңімпаздар медаль және грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз! Ұлттық мүдде: Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
Қоғам игілігі үшін қызмет ету;
Талап: Физикалық белсенді болу;
Салауатты өмір салтын ұстану;
Ар-ұят: Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
Өзін отбасының сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну;