3 қыркүйек күні мектебімізде КММ психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері мектеп директорларына,директорлардың ТЖ жөніндегі орынбасарларына, педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға “Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері”тақырыбында семинар-практикум өткізді. Психологиялық қолдау орталығының құрылымымен және қызметімен таныстырып, «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселелерін талқылады, сондай-ақ психологиялық қызмет жұмысының құқықтық негіздерін қарастырды. Практикалық аспектілерге, соның ішінде мұғалімдер мен әлеуметтік педагогтарға арналған тренингтер мен консультацияларға ерекше назар аударылды. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар алды.