2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні!
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні! «Бүгінгі күн аутизм спектріндегі балалардың ата-аналары үшін ерекше күн». Басты мақсат – халықты ақпараттандыру, адамдарға аутизмнің шын мәнінде не екенін түсіндіру, олардың кім екенін жеткізу және инклюзиялық қоғам құру.
Алайда, бұл туралы тек осы күні ғана айту дұрыс емес. Себебі, «аутизм» диагнозы қойылған баламен қалай сөйлесу керектігін, онымен өзін қалай ұстау өту керек екендігін біле бермейді. Сондықтан, баршаға қол ұшын беру мүмкіндігі.
Көк түс пен паззлдың бір бөлшегі бүкіл әлемде аутизмнің символикасы болып табылады. «Аутизм» диагнозы бар адамдардың тағдыры бізге бейжай емес! Көк түс пен пазлдың бір бөлшегі бүкіл әлемде аутизмнің символикасы болып табылатынын еске сала кетейік. Көк түстің өзі «аутизмнің түсі» емес. Негізінде ол – Аutism Speaks атты үлкен қоғамдық ұйымның логотиптерінің символикасы, 2010-шы жылдан бастап, олар өз ұйымын дамыту және үлкен маркетингтік жұмыс ретінде «көк түсті жақ» атты науқаны жүргізіле басталды.
Аутизм - бұл үкім емес. Біздің басты міндетіміз - бұл барлық ерекше балалар үшін қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін жағдай жасау.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде «Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдерімен мектеп психологтары «Аутизм және оның белгілері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды..
Дөңгелек үстел барысында слайд көрсетіліп, әңгіме жүргізілді. Мұғалімдерге аутизмнің негізгі белгілері және осындай балалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Аутизм проблемаларына назар аудару, аутизм ауруы бар балаларға және олардың ата-аналарына құрметпен қарау, бұл ауру емес екенін және диагнозды уақытында анықталса, оны түзетуге болатыны түсіндірілді. Қорытындылай келе, аутизм өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Іс-шара барысында мұғалімдердің қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар беріліп, кері байланыс орнатылды.